Ескі архив · 04.01.2012 12:26

Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа

Жаңа жылды Маңғыстау облысында қарсы алдым. Халқы қонақжай, қазақы екен, барғаннан қонақ болу. Содан қай жерге барсаңда әңгімесіз шай ішілмейді дегендей, -„Бізде, Атырауда, былай„- сериясынан кетед. Оларда да жынды-жынды әдет-ғұрыптар бар екен. Бір жағы дұрыс сияқты болса бір жағынан „Онысы несі„- деп отырамыз. Айтайындаеп отырғаным, әкелген дорбаның ішін ауыстырып беретін салттары бар екен. Ия, сол үйге падаркіңізді пакетке салып ала барсаң, ішіндегісін ауыстырып қайта беред сол пакетіңді (сондағысы метр жарым мата). Әңгімеден әңгіме шыға бір апамыз қонаққа келіпті дейді. Шай ішілген, ас желінген, шығар уақыт болыпты. -Ал балдар сау болың, аман болың, — деп апамыз есіктің алдын тұр. Шықпайды. -Ал балдар сау болың, — дей береді екен. Сөйтсе пакеті ауыспай қалыпты. „Ауыстырып бер„- демейді, бар айтатыны -Ал балдар сау болың, аман болың, — өзі шықпайды бірақ. Бір кезде әлгі үй иелері түсініп, пакетін ауыстырып береіп жатырса — Қыдай-ай, соны не қылайын деп жүрсіңдер! — деп апамыз кетіп баратыр дейді.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту