Қырсықтым
Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.(Өтірік, мойын жар бермеді). Сонымен бүгін түскен таман жаңасын алмақшы болдым. Алдымен 4 шағын ауданда орналасқан «Оптика»-ға бас сұқтым. Негізі бұрын да келіп тұратынмын бұнда әшкиді жөндету үшін. Сондағы орыс қатынға қояр притензиям жоқ. Қазақша сөйлей алмаса да айтқаныңды түсінеді. Бұл жақтан өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Бәрі бір сарынды. Кейбірі қымбат, өз бағасына татымайды да. Жақсы болса мейлі ғой бағалысының. ГарриПоттеріңдіссс.
Содан екі өкпеммен бірге жүрегімді қолыма алып, 6 шағын аудандағы «Садыхан» деген дәріханаға барайын. Қарсы алдымда тағы орыс қатын. Сыпайы түрде әшки іздеп келгенімді айттым. Қазақша түсінбеймін деп бетіме маңқиып қарап тұр. Бозымбаевыңдыссс. Жыным ұстасын әлгі жерде өзінен-өзі. Әйтеуір өзімді әреңдеп жатып сабырға шақырып, қарай бастадым. Бұнда да айтарлықтай жақсы біреуін таба алмадым. Тек біреуі ғана ұнады. Алмақшы болып едім, направлениесіз бермейміз деп тасымды жеді. Амалсыз өз тасымды өзім құшақтап 7-ауданға жылжыдым.
Бұнда тағы бір оптика дүкеніне кірдім. Тағы орыс қатын. Бірақ бұл жолғысы жастау, әрі пигурасы ниче екен. Амал қанша бұ да қазақша білмейді екен. Бұтағымды шайнағыр, орысша сөйле керек болса дейді. Уопшым қаным тасыма шапты. Бірақ бетіне деп қарап тұрып, «мен орысша білмеймін» дедім. Қаптаған очкидің ішінен өзіме ұнаған бір әшки тауып едім. Алғым келмей қалды жаңағы сөзінен кейін. Өздері ар жақта қазақ андай, мындай деп жамандап қояды.
Одан кейін тағы бірнеше көзілдірік сататын жерде болдым. Бәрі орыс, қазақша түсінбейді. Әрі өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Очм, бүгін менің сол таяғыммен тұрған күнім болды-ау шамасы.
