Ескі архив · 05.01.2012 18:00

«Христиан бауырлар» туралы

Наймандардың несториандық бағыттағы христиандықты қабылдағаны туралы мектеп оқулықтарында айтылады, бірақ Кіші жүз Ресейге кірмей тұрып христиандықтың ізі де қалмағанын жеті жарғы бойынша кімде кім христиандықты қабылдаса оның мүлкі тартып алынып, руластырына бөлініп беріп отығандығынан байқауға болады. Қазақтардың алғаш шоқына бастауы Кіші жүз Ресейге кіргеннен кейін басталады. Алғашқыта патша үкіметі қазақтарға жақын болу үшін,өзінің саясатын түсіндіру үшін, жақындасу үшін татар молдаларды оқытып қазақтарға жіберіп отырады. Бірақ 19 ғасырдың басында Кіші жүз руларының арасында қақтығыс көбеюіне байланысты кедей жатақтар көбейіп, олар Ресеймен шекараға қоныс аударады, Христиандарға «шаруашылық мұқтаждық» үшін ақша бөлінетінін біліп жатақ қазақтар шоқына бастайды!!! )). Ал жергілікті шенеуніктер шоқынға ішкі губернияларға жіберіп отырады. Бұл процесс старшындар мен сұлтандардың наразылық тудырғандықтан тоқтатылып тастайды. Егер сол кезде патша үкіметі наразылыққа қарамай шоқынуды кеңінен қолдағанда не бола еді ?)) Мүмкін бір бірімізге, шынымен, «Христиан бауырым» деп отырар ма едік? ))
Авторы:
gunner

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту