Wi-Fi еркекті бедеу қылады
АҚШ-та шығатын «Fertility and Sterility» атты медицина журналының хабарлауынша wi-fi бедеулікке себепші екен. Яғни, wi-fi-лы интернетте көп отырған сайын балалы болу шансың да соғұрлым азаяды. Мұны қалай анықтаған?
Мамандар Wi-Fi қосылған бір ноутбуктың астына 29 еркектің спермаларын қойған. 4 сағат бойы спермаларды бақылаған. Нәтижесінде сперматозоидтардың 1/4-і зақымданған, ал 9 пайызында тіпті ДНК құрылымы өзгерген. Wi-Fi толқындарының кесірінен болған бұлар.
Мамандар ноутбуктың өзі де зиян дейді. Өйткені тізе үстіндегі ноутбуктан шыққан жылу үнемі салқын температурада тұруы тиіс жұмыртқалардың жұмысына кері әсер береді.
Түрік ғалымдарының айтуынша ұялы телефонның да мұндай зияндары бар. Шалбардың алдыңғы қалтасындағы телефонның да сигналдары еркектің бедеулігіне әкеп соқтырады.
