Ескі архив · 09.01.2012 17:30

Блиц-сұхбат: salta

Жаңа эстафета бастап жатырмын. Бұл жолы эстафета бұрынғы дәстүрде болады, таяқпен жалғастыру арқылы. Бір қолданушыға 4 сұрақ қойылады. Сосын бір ән сұралады. Жауаптардың астына әннің клибі қойылады. Сонымен, salta : — Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып өзіңмен өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма? — Әрине болады. Екінші ұлымды босанғаннан кейін қатты депрессия болып, соткамды өшіріп балаларымды күйеуіме тастап, 1-2 сағат далада қанғырып келетін кезім болған. — Қара түс сүйікті түсің бе? Жалпы қара түс әйелді сексуалды қылып көрсететін түс пе? — Коко Шанель айтқан кішкентай қара көйлек болса, ол әрине әдемі жарасады, талғаммен таңдалған кез-келген көйлек сексуалды болады, оған көзге ұрып тұрған қызыл көйлек те жатады… Бірақ қара түс менің сүйикти түсім емес — Әйел достығы деген өтірік пе? — Кейде «орыстан досың болса, айбалтаңды сайлап жүр» деген мақал қыздар достығын білдіретіндей… — Машина айдай аласың ба? — Жоқ. salta -дан бір ән:
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту