Блиц-сұхбат - Сатыбалды
Сұрақ қоюшы юзверь: salta .
— қолыңыздағы сағаттың маркасы қандай?
— Осы «Сәуе» деген сөз бар ма екен қазақта, болса — не мағына береді екен деп ойлайм мен. Ал «гей» дегеннің мағынасын түсіндік қой кейін шоубиздің арқасында.
Жалпы, қолында сағаты бар, ендеше — пиджагы да бар, шешемебельді рестораннан ғана тамақтанатын респектабелді мұжық елестеткеніңіз үшін нақметтен басқа айтарым жоқ. Дегенмен, сағатты жұрттан сұрамсақтанып, кейде ерінбей вокзалдан қарап қайтып жүрген кездерім болды, қазір енді, мобиладан қарай саламыз.
— отыратын кабинетіңіз қанша шаршы метр?
— Тура 12 шаршы. Мексика заңнамасы бойынша — менің бөлмеме тағы 3 адам қамауға болады екен.
— балаларыңыздың атын кім қойды?
— Тергеудің бұл түрі "қалпақпен ұрып алу" деп аталады, феликсэдмундовичстің. Очм, ертеректе Муңкә айтқан: бірде оны тергеуші шақырыпты. Есіктен кірер-кірместен:
-Түсінбедім: сендер ұрлаған сабындарыңды 4 сом 50 тиыннан саттыңдар ма, әлде 3 сом 20 тиыннан бердіңдер ме? — депТ.
Әккі деп жүрген Муңкәнің өзі осынау бір көне трюкке алданып, ақыры 4 жыл шартты жаза алды. Ық-ық…
— қазір отыздамын дейсіз, шынымен де нешедесіз?
— Совет прокурор мектебінің салқынына қарағанда, не үйіңде қызылдар тым көп болған, не сен сүтін ішкен ешкі Әліби Жангельдин дәрет алған жердің бетегесін күтірлетіп тұрып жеген.
Жалпы, сұрақтарыңызға нақметтен басқа айтарым жоқ, рақтың. Сөз соңында өзімнің сүйікті бір әнім — "Әйгерім Кеулімжаймен телефон арқылы сөйлесу" атты әнді қойсам деймін:
P.S. Эстафета бұтағы — Нұрберген Мақымда.
