Ескі архив · 09.01.2012 13:03

Гейлер Олимпиадасына ұлт жанашырының қате пікірі

Жақында Дания елордасы Копенгагенде өткен Гейлер Олимпиадасынан кейін танымал ұлтшыл қозғалыс көшбасшыларының бірі Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде осы ойындар туралы өз пікірін жариялаған болатын. Естеріңізге сала кетейік біздің елдің гейлері дойбыдан жалғыз қола медаль алып, қатысушы 24 ел арасында 21-ші орынды місе тұтқан еді. Әр оқиғаға өзіндік пікірімен көзге түсіп жүрген ұлтжанды Марсель Көшімхан твиттер арқылы: "Құрама сапы түгелдей өзіміздің қаракөз қазақтардан құралмай, бұл іс болмайды. Жасасын қазақ ұландары" деген болатын. Кейін бірнеше ретвит жасалып, Facebook және микроблогтарда біраз келеке болған бұл сөздер үшін Марсель Көшімхан кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән жайын ашып берді: — Бұл менің қатем емес, ақпаратты дұрыс жеткізбеген БАҚтың қатесі. Мен бұл жаңалықты алғаш естіген кезде ГАИ, қазақша айтқанда МАИ қызметкерлері арасындағы спартакиада деп түсіндім. Сондықтан да пікірім сондай болды. Ақпарат көзі: Тәңіріжаңалықтары
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту