Ескі архив · 10.01.2012 20:05

Қабір араладым

Очм, бүгін түс қайта қолым бос болғасын Тараздың шет жағында орналасқан Тектұрмасқа барып қайттым. Тектұрмас — біздің Көктөбеміз. Ол жаққа баруымның себебі қабір аралап көру еді. Әрі, өзімді-өзім сынап көргім келді. Типі, қорқамын ба, қорықпаймын ба? Көзіме әруақ көріне ме, мүмкін біреуі көрінен тұрып «вааа» дейтін шығар деген ермек іздеп, аралап кеттім. Еріккен сарт е***ін уқалайды деген секілді болды-ау деймін менікі. Қорымдар алыстан көрінеді екен. Аптобыстан түсе сала қарды күрт-күрт басып тартып кеттім. Ең шеткі біреуіне жете бергенім сол екен абалаған бірнеше ит атып шығып бір шошытты. Оларды әкесінен бір қайтара қуып жібергесін ары қарай тартым. Аралап жүріп лібәәә деуге тура келді. Қорым арасында Байтерекке ұқсайтындары да бар екен. Тіпті кейбірі үй сияқты. Менің ауылдағы бөлмем олардың қасында атқора секілді көрінеді екен. Бойды үрей билейді екен аздап. Очм, солай. Кетер кезде сырт жағына барып бір лет құран оқыдым. Кетер кезде тағы да иттер абалап шығарып салды. Пәленбай жылдар өткен соң осы орындар әулиелі жер атанып, жақсы бизнес көзін ашуға болады екен деп ой түйдім. З.Б. Айтпақшы жолай Серік Томановтың басына қойылған ескерткішті көзім шалып қалды
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту