Алдар Көсенің сүйегі табылды. Алайда...
Жаңа ғасырдың алғашқы жылдары еліміздің археологиясы үшін керемет табысты жылдар болып жатыр деп айтуға толық құқығымыз бар. Соңғы 5 жылдықта бірнеше тарихи тұлғаның сүйегі табылып, мәре-сәре болып жатқан жайымыз бар. Соңғы табылған сүйектер қатарына Алдар Көсе сүйегі қосылды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облыстарының қиылысқан, шекара тұстарындағы бір үңгірден табылған 2 адамның бірінің сүйегі Алдар Көсенікі екені анықталған еді. Алайда, біздің археологтармен бірге жұмыс істеген неміс генетиктерінің айтуынша бұл сүйектің иесі кезінде гей болған екен. Бұл хабардан кейін алғашында «Біздің облыстан табылды, тойын біз өткіземіз» деп таласқан қос облыс өкілдері енді бұл ойларынан бас тартып, үңгірдің орналасқан жері біздің облыс территориясында емес деп отыр.
Оқиғаның мән жайын анықтау үшін Юстус Либих атындағы Гиссен Университетінің генетика факультетінің деканы, Қазақстандағы Алдар Көсені іздеу жобасының жетекшісі профессор Фридрих Рамштайнмен сұхбаттасқан едік:
— Фридрих аға, табылған 2 сүйектің бірі шынымен Алдар Көсенікі ме?
— Бұл ғылым болғандықтан 100 пайыз сенімділікпен ештеңе айта алмаймыз. Біздің зерттеу нәтижелеріміз бойынша бұл сүйек 97,5 % Алдар Көсе деп аталатын кісінікі.
— Қандай белгілері бар?
— Біз алдымен Қызылорда Қорқыт ата Университетіндегі лабораторияда өз жұмысымызды жалғастырғымыз келген еді. Бірақ, университет ғимаратында электр энергиясы қайта-қайта сөніп қала бергесін Германияға барып, өз лабораториямызда жалғастыруды жөн көрдік. Зерттеу барысында сүйектің ДНК құрылымын зерттедік. Нәтижесінде бұл адамның бойында аферистік қасиеттердің басым болғаны анықталды және өтірік айтуға бейімділігі, көп сөйлейтін адам екені анықталды. Бұл мәліметтер сүйеніп қазақстандық әріптестерім бұл сүйектің иесі Алдар Көсе деп отыр. Ал, оның басты сипаттарының бірі де көселігі екен. Бұл тұрғыда да айтарымыз бар, сүйек иесінде әйел гормондары да бар, атап айтқанда беттің жақ және мойын аймақтарында сақал шықпаған деген тұжырым айтып отырмыз.
— Ал, не себепті Алдар Көсе гей болған дейсіз?
— Иә, түсінемін бұл адамның қазақ халқының ауыз әдебиетінде алар орны бар. Алдар Көсе гей болды деп елді біраз шошытып алған сияқтымыз. Бірақ, ғылым мұны растап отыр. ДНК ешқашан алдамайды. Тіпті логикалық тұрғыдан да ойлап қарасаңыз ол кісіге неге сақал шықпаған? Және ешқашан үйленбеген. Сүйегі табылған жерде де қасындағы екінші адамның да сүйегінің еркек адамның сүйегі екені анықталды. Айдаладағы үңгірде 2 еркек адам не істеп жүр деген сұрақ сіздерді мазаламай ма? Ұят та болса айтайын, сүйектер сексте "қасық" позасы деп аталатын позицияда жатыр екен.
— Сұхбатыңызға рахмет, Фридрих аға!
— Мен рахмет айтамын. Сау болыңыз.
