Блиц-сұхбат: Бальзаминка
— Сеніңше, "қыздық" мәселесі әлі күнге өзекті ме?
— Индия үшін өзекті
— Өзге ұлтпен некелесуге/жүруге көзқарасың?
— Әркімнің өз жеке басының шаруасы деп білемін. Жүрек, сана «ия» деп тұрса, неге өзге ұлттың өкілімен бақытты болмасқа?!
— Жұлдыздар неге алдымен жарқырап жанып, кейін қарабетке айналады?
Жарқыраған жұлдыз қарабетке айналады деп ойламаймын. Тек жаңа кезінде бәрі қызық, қадірлі, уақыт өте жақын болып кететіні болмаса.
— Әнек айтып берші, іш пысты
— Оһ, әнек… Болған оқиғаны айтып берейін Сестрамның қызметкері айтып берген еді. Өзі, бес жасар баласы және орыс досы Макспен балық аулауға барған ғо. Содан, Бекболат (бес жасар бала) Макстан анау не, мынау не деп біраз нәрсені сұраған ғо. Макс баланы бала демей, ыждағаттылықпен, нығыздап жауап беріп, бәрін түсіндіріп болса, Бекболат: «Ағай, сіз өмірі осылай орысша сөйлейсіз бе?»-депті бағанадан бар қазақшасын шашып отырған Максқа.
Бір ән:
