Блог құрылтай 2012 болмайды ма?
Осы сұрақ мазалап жүр. Биыл болмай қала ма деген қауіп. Өткен жылы Алматыда өткен Блог Құрылтайда 2012 жылы Астанада өткіземіз деп шешкен болатынбыз. Сол кезден бері не өзгерді, қандай мәселелер бар?
— Басты мәселелердің бірі әрине ұйымдастырушы комитеттің болмауы. Иә, Астанада мұндай жұмыстармен жүгіріп жүретін ешкім жоқ. Астанадағы контингентті Алматымен салыстыруға мүлдем келмейді. Алматыда ең болмаса жастар бар. Бұл бір.
— Екінші мәселе: Блог және блогшылардың болмауы. Wordpress.com Қазақстанда жабылғалы қазақтілді блогосфера да өлген сияқты.
Тек бір жекелеген сайт қолданушыларының кездесуі болмаса, былай былтырғыдай Блог Құрылтай өткізу мүмкін емес нәрсе сияқты. Сіз не дейсіз?
Сурет: Dean Cox www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/1180.html
