Ескі архив · 11.01.2012 12:26

Отандық аватар жасаушылар үкіметтен қолдау күтуде

Нұрислам Муслимов 21 жаста, жас дизайнер. Ағасының фотостудиясында жұмыс істейді. Бос уақытында аватар жасаумен айналысады. — Нұрислам, жасаған аватарларыңыз қай тақырыптарда? — Біз жолдас жігіттермен көбінесе азалы күндерге арналған авалар, ру аттары және қазақша ою, бүркіт суреті, Қазақстан туы бар авалар жасаймыз. — Қиын ба аватар жасау? — Әрине оңай емес. Үлкен тәжірибе және талант керек. — Соңғы жасаған шығармаларыңыз қандай? — Атырау, Тараз, Жаңаөзен қалаларының аттары жазылған қара ленталы аваларды мен жасадым. — Қандай мәселелер, қиындықтар бар? — Біз бұл туындыларды тегін жасап жүрміз. Үкіметтен материалдық қолдау күтеміз. Қанша дегенмен Қазағымыз үшін істелініп жатқан тірлік қой. Моймирде ашқан сообществомыз бар. Алла разы болсын, бүгінге дейін 2 адам қолдау көрсетті. Біреуі біз көрсеткен номерге 175 единица, ал екіншісі 57 единица лақтырған. Ал көп адамдар тегін алады да рахмет айтпайды.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту