Kandukondain Kandukondain
Назарларыңызға Талливуд өнімін ұсынамын, қабыл алғайсыздар . Бұл кино Джейн Остиннің 1811-ші жылы жарық көрген «Сезім мен сезімталдылық» (Sense and Sensibility) атты роман желісімен түсірілген. Бүгін ғаламторды шарлап отырып, осы фильмнің орысша нұсқасын тауып алдым, «Разум и Чувства» деп аталады.
Индия киносының көрермендері болса араларыңызда, қарап көріңіздер. Фильм әрине махаббат жайлы, апалы-сіңлілі қыздардың махаббаты, сезімі, сатқындық, бастарынан өткен қиыншылығы туралы. Өзім Айшвария Райды ұнатамын, ол кісі осы фильмде ортаншы қызды сомдайды. Қысқа сөзбен айтқанда, мен тұрып жатқан өлкемен, сол елдің тілімен таныс болыңыздар
