Ескі архив · 12.01.2012 23:48

lunara-ның "Болар бала қонаққа үйір" атты мақаласына рецензия

Аффтары: lunara ; Муаххахала: «Болар бала қонаққа үйір» Толық мәтіні: <<Ата- балаға сыншы>> дейді халқымыз. Қазақ аңыздарында жер сыншысы-Асанқайғы,құс сыншысы-Шора, ат сыншысы-Күреңкей, ел сыншысы- Толыбайлардың есімі жиі айтылады. <<Болар бала қонаққа үйір>> дегендей,үлкендердің сөзіне құлақ қойып өскен сәбидің ой-санасы өз тұстарынан оқшау тұрады. Баланы дастарқан басына жолатпайтын бүгінгі кейбір ата-аналардың іс-әрекеті бұрынғы ата-бабаларымыздың үрдесіне жат қылық. Небір шешен, ертекші, жырауларды тыңдаған көпшіліктің мәслихатына үлкендер керісінше, бабаларын, немерелерін алып келген. <<Ел аралаған сыншы болады, ағаш аралаған үйші болатыны>>өмір шындығы екеніне күмәніміз жоқ. Бала келешегін айтып болмайтын, көрегендік,әрине, сәби бойында қалыптаса бастаған адамдық негіздің нышандарына қарап айтылған. Табиғи дарынның ашылуы ең алдымен өскен ортаға байланысты. Яғни,<<ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің!>>. Не дейміз? Күнде де, түнде де ақылмандар кездесіп жатады. Тауық та асырап көрмеген қайғы- мамансымақтар қойшыға бұтын ашып күліп жатады, «осылай да қой асырай ма екен!» деп. Ақылмандар бүгінде — барлық тесік біткеннің бәрінде бар. Олар:«саған трицепске жұмыс істеу керек, бицепске емес, көрініп тұрған жоқ па!» деп, спортзалда да жүреді. Олар өлімшінің дауысымен ән салып, бар бәлені залдың акустикасына жабады. Олар рогатка атып көрмесе де, «Макармен атса — шаруасы бітті дей бер ол жігіттің» деп, пойызда әлі тірі адамға құран шығарып отырады. Олар ұнның жоғарғы сортын тек атауында «высший» деген сөз болғаны үшін таңдайды; олар қарабидай ұнын тек кедейлер жеу үшін шығаратынына шынымен сенеді. Олар 40 жыл аудан басқарған адамға:«дым коллективпен жұмыс істеу білмейсіз» дейді. Олар трактордың магнетосын жөндеп жүріп, 11 киловольттық трансформатор жөнінде де айтарым бар деп ойлайды. Ақыры олар — қолы тисе осындай әңгіме жазады.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту