Ескі архив · 12.01.2012 21:37

Өй,тұқымың өскір..!

<<Өй, тұқымың өскір>>,<<Бала-шағаңның қызығын көр>> деген алғыстан адамның мерейі өсіп, марқайып қалады. Өйткені ұрпақ- ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Тіпті қаза үстінде айтылатын <<марқұмның жасамаған жасын сендерге берсін>>,<<орнында бар оңалар>> деген тілектерде де өмірлік байлам бар. Қай халық болмасын, үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Қазақтың батырлық жырларындағы Алпамыс, Қобыланды сияқты ел қорғаған ерлердің көбінің ата-анасының зарығып көрген перзенттері болып келуі тегін бе? Қайсы ата-ана болмасын, халық дүниеге келген нәрестеге сенім артып,ұрпағым үзілмесінші деген ақ арманмен өмір сүреді.
Авторы:
lunara

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту