Ескі архив · 13.01.2012 19:53

Дат, админ.

Негізі, ұстанымды еркін блог тұғыры деп алған екенбіз… Не ғо, Одмин, жаңадан келген үлкенді-кішілі, өнер-ғылым академия-институттарының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне және сол тектес фрилансер-құрдастарына арнап, бір қауымдастық ашып берген жөн шығар, ә? Жабық қауымдастық болса да ренжімейтін шығар көбі… Өздері тым жақсы боп тобымен келген екен, бір-бірін жетімсіретпейін деп… тобымен жүре берсін… Әйтпесе, келгендер үкілеген үміттерін желге ұшырғандай болып, осы жақтағылар оларды менсінбегендей боп виртуалды Жаңаөзеннің алғышарттары басталып келе жатқандай ма өзі… Негізі, той-томалақ кезінде де, үлкендер бір бөлмеде, жастар бір бөлмеде отырады ғо, типі сол сияқты… Ара-арасында жастар үлкендер жаққа келіп, сәлем беріп, өнерлерін көрсетіп дегендей, үлкендер өнерлі дегендеріне қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырса… Сосын, биыл сайт ережелерін енгізем дегендей ниетің бар еді… Ұсыныс: ережеге концепциясы келмесе ескерту (беташар, таныстыру, темаға кіргізу, пролог) ретінде Гастаның анықтамасын қойған дұрыс болар… Тәртіп керек опшым. Демократия должна быть управляемой…
Авторы:
Aldeken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту