Жасөспірімдер арасында Қысқы Олимпиада басталды
Бүгін Австрияның Иннсбрук қаласында алғаш рет Жасөспірімдер (15-18 жас) арасында Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Біздің спортшылар 11 түрден жарысқа түседі. Араларында Қыздар Хоккей командасы да бар.
Мұндай жарыстарды өте маңызды деп есептеймін. Біздің спортшылар тек Азиада сияқты бәсекесі аз жарыстармен шектеліп қалмай әлемдік жарыстарда да жүлделерді иеленуі керек. Осындай жас спортшылардың жарыстары арқылы қысқы спорт түрлеріндегі болашағымызды бағдарлай аламыз.
Ойын нәтижелерін осы тақырыпта жазып тұрайық.
Ресми сайты: www.innsbruck2012.com/en
