Ескі архив · 14.01.2012 19:30

МиниБлогкемп-1: Астана

Asaubota мен urimtal`дың жазбаларынан кейін, ертең Астаналық керекші/блогшы/қазақ интернетінің жан ашырлары бас қосуды шешті. Жиын барысында: — Былтырғы БлогҚұрылтайдың нәтижесін саралап, биылғы Блогкемп форматын анықтаймыз. — Астанада блогшылар шарасын өткізу жайлы кейбір мәселелерге тоқталамыз. — Астаналық керекші/блогшылары болып бір-бірімізбен жақынырақ танысамыз. Ертең, яғни, 15.01.12 сағат 17.00-де «Азия Парк» СО-ның 3-ші қабатында (алдында, хабарлағандай 2-ші емес, ол кафе істемейтін болған екен, бүгін барып көрдім) кездесеміз. 3-ші қабатқа эскалатормен көтерілгеннен кейін оң жағыңызда кішігірім кафелер болады, Керуендегідей.Толығырақ, видеода: Кездесуге келетіндер: — AKY — Aizhantabyn — Aldeken — Janasil — Karakyz — talgatjez — Salimgerey — Asset — Almagul — Yerkin — Zhamilya Соңғы 5-уі керекші болмаса да, қазақ тілді интернетке бей-жай қарамай, Блогқұрылтайды ұйымдастыруға көмектесеміз деп сөз берген достарым. Қосыламын дегендерге есігіміз ашық
Авторы:
talgatjez

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту