Ескі архив · 15.01.2012 14:52

Дәрумендер (мини-шолу)

Енді көктем жақындаған сайын дәрумен жетіспеушілік, қаназдық, көбейеді. Білә, бірақ көк шөпке ілініп кетуге асыққан қой секілді қурап тұрса да, көтіне тақалғанда тірілетіндер оянып, дереу жаттығушылар көбейеді; Себебі, биыл жазда тағы да бұты тырысқан джинсы, қарның болса кие алмайтын тар футболка, қолтық жүні қауғадай, бірақ қолдары жіңішкелер кие алмайтын стильді жеңсіз майкалар сәнге айналады. Оларды киюге ұялмау үшін жігіттер күз түскенде емес, керісінше жаттығуды көктемде, не қыстың аяғында бастайды. Қазір дәріхананың ішіне кірсең, көзің жан-жаққа жүгіреді. Жасыңа, өмір салтыңа байланысты түрлері де қойыма дейін. Арасына өтірік пайдасы жоқ қи қоса салса да байқамайсың ғой. Бағасы да әртүрлі. Қарапайым, құтысы 100-150 теңге тұратын ревит, ундевит, аскорбинкалардан бастап, 3000-ға дейін баратын мультидәрумендер комплексі бар. Соның ішіндегі өзім тәжірибеме сүйеніп, жиі қолданғандарыма шолу жасап жіберсем деймін: 1. Витрум Перформенс — арнайы қарқынды спорт түрлерімен айналысатындарға шығарылған, құрамында ЖеньШень экстрактісі бар (ЖеньШень — табиғи, зиянсыз, анаболик ғана емес, жалпы еркектік қуатыңа, сергектігіңе мықты әсер етеді-міш). Мен байқаған плюстары: 1) Күніне біреуін ғана ішесің 2) Басыңды қатырмайсың, барлық дәрумендері ішінде. 3) Аннотациясы жарнама сияқты, керемет жазылған. 4) Авитаминоз кезінде ішкенмін, әлсіздікті жеңуге көмектесті. Минустары: 1) Витамин үшін бағасы қымбаттау. Қымбаттау емес, көкесінің ақысын сұрайды. 1400-2000 теңгеге дейін барады. Ақшаны нақты дәрумендер үшін емес, оның жарнамасы мен айырықша әдемі құтысының құнын ақтау үшін төлейтін сияқтысың. 2. «Дуовит для мужчин» 30 Плюстары: 1) Күніне біреуін ғана ішесің 2) Қажетті дәрумендердің біразы ішінде. Бірақ Витрумдағысына жетпейді. 3) Аннотациясы ұғынықты, жақсы жазылған. 4) Витрум таппаған жерден міндетті түрде Дуовит табасыз. Минус: 1) Бағасы Витрум сияқты 2000 теңгеге дейін әртүрлі дәріханаларда. Жарнамасы, таралымы енді сұмдық. 3. Мультимакс (с лютеином) Плюстары: 1) Күніне бір таблетка 2)12 дәрумен, 17 минерал 3) Лютеин (көзге пайдалы дәрумен 4) Бағасы 500-700 теңгеден аспайды. 5) Аннотациясы жақсы жазылған. Минус: 1) Дәріхана нүктелерінің барлығынан таба бермейсіз. Таралымы төмен. 4) Ундевит, ревит Плюстары: 1) Бағасы арзан — 150 теңге шамасында 2) Таралымы кең. Табу оңай. Минустары: 1) Қабылдау жиілігі нақты емес, яғни 2 дражеден күніне 2-3 рет тамақтан кейін ішу керек. Яғни қалтаңа салып, үнемі тамақтан соң ішуді есіңде сақтап жүру керек. 2) Құрамында кей витаминдер жетіспейді. Минералдар жоқ десе де болады. 3) Жасау технологиясы сонау Кеңестік дәуірден бері өзгермеген/ демек зияны да бар деген күмәнім бар. 4) Сақтау мерзімі төмен. 5) Аннотациясы қысқа, ақпараты аз. Көбіне мүлде болмайды. Болды, білә, осы тойғандарыңмен тайыңдар. Суреттердің дереккөзі: www.epochtimes.ru, www.marbiopharm.ru,http://www.aptekaforte.ru,http://www.krka.biz
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту