Ескі архив · 16.01.2012 15:58

Ауа-райы

Кеше түннен бастау алған қалың қар Алматы шаһарын аппақ далаға айналдырды. Әрине авто жолдардан басқа жерлерді айтам… Қазгидрометте істейтін бір танысым осы аптаға арналған ауа-райы болжамын, ертеңгісін агентіме жарқ етіп жазған еді. Мен осы ақпаратты агенттік достарыма тараттым. Сондай-ақ бұл мәліметті өздеріңізбен бөлісуді жөн санадым. 16 қаңтар: Күн бұлтты, қар жауады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с тық жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 градус суық. 17 қаңтар: Күн бұлтты, қар жауады. Жел солтүстіктен 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде минус 15-20, ал кундіз 9-14 суықты көрсетеді. 18 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жауу ықтимал. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 9-14 суықтықты көрсетеді. 19 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жаумайды. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 8-13 аяз болмақ. 20 қаңтар: Ауа-райы құбылмалы, қар жаумайды. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 12-17 суық болса, күндіз 5-10 суық болады. Қаңтардың қытымыр аязы келді. Орыстың «Крещенская морозы», "Қытайды жуы" өзіміздің қытымыр суығымыз осы қаңтар айының сәні іспеттес…
Авторы:
MINbala

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту