Мини Блог Құрылтай-1: Есеп (отчет дегенім ғо)
Инспектор Janasil: “Satibaldi құпиясы ашылды. Satibaldi, ол – Алдан!”.
Aizhantabyn: “ВКМ опять келмей қойды ма?”
Salimgerey:” Блог Құрылтай жабылу салтанатын Астана — Аренада өткізіп, кейін әдемілеп тұрып футбол ойнасақ, ә?”
Estetika: “Астаналықтардың белсеңділіктеріне ризамын", демекші, хабар кеше ғана ілінгеніне қарамастан барлығының дәл уақытында келуіңіз Estetika – ны тошно риза қылады деп ойлаймын ).
Очм, бүгін болған кездесуден шағын есеп. Келгендер 14 адам:
— Marco
— Aldeken
— Batyr
— Nurgisa
— Yeraly
— Janasil
— AKY
— Karakyz
— Yerkin
— Asset
— Salimgerey
— Asaubota
— Aizhantabyn
— talgatjez
Хмм, гендерлік теңсіздік? Қыздар, қайдасыңдар?
Еріккендер еріктілер тобы осы. Мыналарды істейміз деп айтты:
— Типографияға қатысты жұмыстар, баннер, кітапша шығару: Janasil
— Блог Құрылтайға арнайы сайт жасау: asaubota
— Блог Құрылтайға жаңаша лого, дизайнерлік жұмыстар: Batyr
— Астанада жатын орын туралы мәліметтер, пәтер жалдау, жатақхана, бағаларын біліп беру: Salimgerey, Aky, Yeraly
— Астанадағы кафе-барлардың, ойын-сауық орталықтарының бағасы, жұмыс кестесі, скидкалары, спорттық ойын-сауық орындары, Бурабайға бару мүмкіндігі. Ол жақта не бар, қанша ақша кетеді, қалай барамыз, т.с.с сияқты шаралар: Aizhantabyn
— Аудармашылар тобы БлогҚұрылтай-2012 жоба мен концепциясын
* Қазақшадан орысшаға: Aldeken, Marco, Yerkin
* Қазақшадан ағылшынға: Karakyz, Yeraly, Asset аударады
— БАҚпен жұмыс жасау, пресс-релиз дайындау: Marco
— Блогтар байқауының концепциясын, ережелерін дайындайды: Aldeken
— Ручка, папка, блокнот, футболка жұмыстары, неше керек, қалай жасаймыз: Karakyz
— Үйіне 2 адам қондыра алады (хе-хе): AKY. Конкурс бойынша қабылданады
— Демеушілер жағын іздестіреді: Marco, asaubota
Істейтін жұмыстар осымен бітпейді. Көптеген іс қолға алу керек. БлогҚұрылтай негізгі ұстанымы: Құрылтайдың ұйымдастырушылары — қатысушылардың өздері. Осы шараға келетін әр адам осы жауапкершілікті терең сезіне білу тиіс. Әрі Құрылтайдың жақсы өтуі әркімнің өзіне байланысты. Сол үшін, еріктілер неғұрлым көп болса жақсы. Істейтін жұмыс міндетті түрде табылады.
Одан басқа келесі мәселелер бойынша ортақ шешімге келдік.
— Өткізетін күндер: 23 наурыз: Барлық презентациялар 1 күнде болады. Презентацияларды ұсыну форматын кейінірек жариялаймыз.
24 наурыз: қыдырыс, Астана, я Бурабай. (Қатысушылардың қалаулары және қаражаттарына қарай).
— Барлық презентацияларды видеоға түсіріп интернетке саламыз.
— Блог Құрылтайдағы презентацияда сөйлейтін сөздерді алдын-ала жинап алып, келушілерге таратып беру, яғни, бір кітапша түрінде шығару деген ұсыныс бар.
— Жақын уақытта Блог Құрылтайға тіркелу формасын жариялаймыз.
— Тіркелудің соңғы күні: 23 ақпан. Яғни, Блог Құрылтайға 1 ай қалған кезде.
— Өз арамызда демеушілік қорын жасау. Яғни, майда-шүйде шығындарға жұмсалатын қаражат жинау.
— Өткізетін орын жайлы Назарбаев Университеті Құрылтай өткізуге бір үлкен зал мен 4 аудитория бере аламыз дейді. Бірақ ресми түрде бекіткен жоқ. Біз концепциясын жіберген соң, ресми жауап та келер. (Өткізетін орын табу ең қиын мәселелердің бірі.)
— Келесі аптаның соңында Еркін екеуміз Бурабайға разведкаға барып келеміз. Қосылатындар бар ма?
— Екі аптадан кейін кім не істеді, алдағы жоспарымызды анықтау мақсатында Мини Блог Құрылтай – 2`де жиналамыз.
Batyr`дың келгені біз үшін жақсы жаңалық. Астанада жұмыс бабымен жүр екен.
Ертең asaubota тағы бір жаңалықпен бөліспек. Асыға күтеміз.
Пысы: Азия Паркінің квадрат столдары ұнады
Aizhantabyn фотоесебін жариялап қойған екен. Техникалық ақауларға байланысты кештеу жариялағаныма түсіністікпен қарарсыздар)
Айтпақшы, былтырғы Миниблогкемп-1 де қаңтардың 15-інде болған екен.
Сурет авторы — Aizhantabyn
Қосымша: «Келгендер неге осы ғана?» деген түсініспеушілік болмас үшін осы жазбаны толықтыруды жөн көрдім.
Хабарландыру сенбі күні ілінді. Неге кеш? Өйткені Құрылтай өткізу орнына байланысты мәселе жұма күні кешке ғана анықталды.
Хабарландыруды жариялаумен қоса алдында кездесіп (виртуалда немесе реалда), танысқандармен тікелей я джмейлмен, я соткамен хабарластық. Келесі кездесуімізді екі аптадан кейін жасаймыз деп жатырмыз. Не болса да, Блогқұрылтай ұйымдастыруына кішігірім болса да, үлесін қоса алатын жандарға есігіміз әрқашан ашық.
