Ескі архив · 16.01.2012 22:54

Өмірден өз орнымды тапсам деймін...

Әке-шешеміз өмірге әкелді, жарық дүние сыйлады. Білім алу, бақытты балалық шақ мүмкіндіктерін сыйлады.Біз үшін қаншама қиындық көрді, қуаныш сыйласақ жас балаша шаттанды. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүретін ата-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. «Ата-анаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» деген қазақ халқының тамаша сөзі бар. Осыны кез-келген бала есіне сақтауы керек. Кейде біздер ата-аналарымызды еркелікпен ренжітіп жатамыз. Ондайда олардың көңіліне ауыр тиетінін ескермейміз. Сондай ерке қыздың бірі болған мен анам мен әкемнің қасынын кеткелі бері, барлығын түсініп жүрмін. Менің ағаларым мен апаларым әке-шешелерін қатты сыйлайды. Қазір олар олардың үмітін ақтау үшін еңбектеніп жүр. Мен де ата-анамды ренжітпей, олардың сенімін ақтап, жоғары оқу орнына түскім келеді. Оқуымды үлгілі аяқтасам, ең алғашқы еңбекақымды әкем мен анама сыйға тартсам деп армандаймын. Ол үшін, әрине, көп еңбектену керек. Ата-ананың ризалығын алу деген сөз- отбасыңа, Отаныңа үлес қосу деген сөз деп ұғамын.Барлық достарымды аяулы ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге шақырамын. Олардың қабағына ешқашан кірбің ұялатпайықшы.
Авторы:
karakat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту