Ескі архив · 16.01.2012 12:55

PR-мектебіне жазылу жүріп жатыр

MediaNet халықаралық журналистика орталығында (Алматы) PR-мектебіне тыңдаушыларды тіркеу жүріп жатыр. Курс кезінде студенттер PR түсінігімен, қазақстандық PR-маманның қызметімен, сәтті деп танылған отандық PR-мысалдармен танысады, медиа шараларды, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру және өткізу жолдарын, PR-маманның мәліметтер базасын жасақтауды үйренеді. Өтілетін тақырыптардың арасында келесілер бар: * Стратегиялық PR-жоспарлау * Media Relations: негізгі және тиімді MR құралдар * Inside Management: ішкі PR, маркетингтік зерттеулер және т.б. * Саяси PR * Дағдарысқа қарсы PR * Әлеуметтік PR * Social Media Marketing Курс аяғында тыңдашылар өз PR-жобаларын ұсынып, қорғайды. Ескерту: сабақ орыс тілінде жүреді. Курстың ұзақтығы 2 ай. Сабақ аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері кешкі 18.00-ден 20.00-ге дейін жүреді. Қосымша ақпарат үшін байланыс мәліметтері: +7 (727) 261 66 69, +7 702 490 17 67, aliziyadin@gmail.com, Дінмұхамед Зиядин P.S. Қоғаммен байланыс, пиар (ағылш. Public Relations — қоғаммен байланыс, қарым-қатынас, қоғамдық байланыстар) — қоғамдық-экономикалық және саяси бәсекелестік жүйелер жағдайында қандай да бір объект (идея, тауар, қызмет түрі, жеке тұлға, ұйым — фирма, бренд) бейнесін кемшіліксіз және өмірде аса қажетті деп сіңіру мақсатында жасау және енгізу технологиялары.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту