"Халық сөзі" халыққа жетіп жатыр ма?
Маған соңғы кезде ұнап жүрген газеттердің бірі — Халық сөзі. Шыны керек сатып алмаймын, бізге жұмысқа әкеліп тастайды. Сондықтан алып, оқып жүрмін. Дизайны да, мазмұны да мықты газет. Ешқандай ұлтшылдық пафос жоқ. Әсіресе тек Айгүл Аханбаева үшін ғана алып оқуға болады. Іш пыстырмайтын газет.
Бірақ, осы газетті көпшілік білмейді екен. Сайттарына кіретін адам саны да аз. Сонда олар не үшін жазады екен деймін? Кең таралуларына не кедергі? Әлде жалпы қазір халық газет оқымайтын болып кетті ме?
Сіз қалайсыз? Газет оқисыз ба? Газет сайттарына кіресіз бе?
