Әміре Қашаубаев - қазақ ән өнерін бір сатыға көтеріп тастаған адам
Өз ерін елемесе, ел кемеңгерді қайдан алсын деп жатады ғой. Кейде осы сөзді отырып та айтып жатады. Мен бүгін өз әңгімемде Әміре Қашаубаевтың тұлғасына тоқтала кетсем деймін. Сонымен, тоқталайын. Тоқтадым.
Қазақ халқы Әміре Қашаубаевқа дейін Шығысынан — Шыңжаңға дейін, Батысынан — Орынборға дейін ғана ән салған халық. Би де билеген халық, бірақ біз Әміре Қашаубаев туралы айтып жатқандықтан, тек ән салған халық туралы айтамыз. Қазақ әнінің экспансиясы бұрын-соңды айтып отырған шекаралардан аспаған. И что? И вот: Әміре Қашаубаев барады да — ом манэ падмэ хуум! -тура Европаның мәдени жүрегі — Парижде ән салады ғой! Европаның әскери бүйрегі Германия, макарондық қолтығы — Италия сынды елдерден келген тыңдаушылар Әміренің қоңыр-қарағанди дауысына өте жоғары баға берген. Француз мәдениеттанушысы Жульен Пестен Шаляпинге былай хат жазады: «Слушали сегодня Амре. Федор — ты аццтой!».
Әміре атаның осы ерлігі ел есінде мәңгі есімде болмақ. Артымда еріп келе жатқан бір інім бар. Оның екі баласы бар. Өзім адами қасиеттен жұрдай болғандықтан, осы Әміре атаны оларға үлгі қылып, азамат қылып өсірсем деймін.
