Орынбор қаласындағы парктердің біріне етікші Оңғарбайдың аты берілуі тиіс!
Түрксіб магистралінің Орынбор арқылы қазақ даласын басып өтуі — заманының өр тұлғасы, би, қоғам қайраткері, юрист, көріпкел, вуду, оракул Мөңке бидің ерен еңбегі делініп жүр. Атақты дуалы ауыз би туралы Халықаралық ғылыми конференцияларда қанша қазы-қарта желініп жүр. Бірақ сол бір теміржол тарту оқиғасында үлкен рөл ойнаған ірілі-ұсақты оншақты адамның бірінің де аты аталмайтыны кәдімгідей қынжылтады.
1908 жылы Мөңке би теміржолды қазақ даласы арқылы бұрып әкету мақсатында Петерборға жолға шығады. Алдымен отарбаға отыру үшін Орынборға келеді. Келсе — билет жоқ екен, компьютерде отырған қыз, билет — алдағы он бес күнде де болмайтынын тағы айтады. Сол кезде вокзал маңында етік ләпкесін ұстайтын жергілікті Оңғарбай деген қазақ мұңайып тұрған Мөңке биге жақындап:
-Дізат, әбіржіп кетіпсің ғой? — дейді.
— Еее, қазаққа шырақ жағам деп, Петерборға бармақ ойыма үлкен бұтақ қойылды: белент жоқ екен — дейді Мөңке.
— Онда менікін ал мә, орыстан қатын алып, Рязаньдағы енеме барғалы жатыр едім. Қазақ үшін — өйткен енесін нақ! — деп, Мөңкеге билетін 2 сом күміс ақшаға бере салған. Сөйтіп, өзімізге белгілі Мөңке би мен премьер-министр Столыпиннің жүздесуі өтіп, қазір барлығымыз қазақтың кең даласының жүн шықпайтын төсін ерсілі-қарсылы басып жүрміз, геофил ептібайымайдтар.
Иә, билеттің өз құны — 50-ақ тиын, иә Оңғарбай — алыпсатар, өтірікші болсын-ақ! Бірақ бұл оның тарихымыздағы рөлін теріске шығара ма? Әлбетте шығармайды. Әке-шешеңңді таңдай алмайтыны сияқты, тарихи тұлғаларды да таңдай алмаймыз, ағайын!
