Ескі архив · 20.01.2012 17:40

Қаззақ журиктен тығылвотрым...

Ия, солай, тығылып отырмын. Бүгін телефон көтермейм… … Свято-Нұркен шіркеуінен өткен аптада ішіп кетуім себепті қаза болған дұғаларымды өтеп, көңілім жайланып келе жатқам. Базар маңына бұрыла бергенімде журик танысым әзірейілдей тап берді. — Лібәәә, мына диктофонға сөйлеш! – дейд! — Нені нақ? — Очм, Еуразиялық Одаққа кіруіміз пайдалы ма, зиян ба – айта салш – дейд! «Экономист емеспін ғой мен...» деп күмілжігенім де қақпайд ептіні: «а кім қазірде экономист?» деген сұрақпен өзімді отырғызып тастады. Консерві-тіскебасар қоюға жаятын газеттердің қиығынан шатып-бұтып оқып қалған бірдемелерді есіме түсіріп, міңгірлеп бердім. Кешке радиодан естіп, құлақтан кеттім нақ! «О, жарымағырлар-ай!» деп мүсіркей күліп, жүз елу грамм жұқалатпақ ниетпен плитаның артындағы ахаңа қолымды соза бергенім сол еді, ана байғұс телефон соқты тағы. «Көрдің бе, ештеңең кеткен жоқ, жақсы шықты!» деп қояд! «Көргенде… естідім иә… Ұнаса болды да..» деймін мен, ойымда ештеңе жоқ. Бәсе, бұ журик бекер қоңырау соғатын ба еді: тағы жармасты. « Ертеңгі эфирге – дейд епті, — мешітке пітірді терминалмен төлеу туралы материал жасаватырмыз. Әу деп жіберсең?»… «Әу» дедім… Кешке радиодан деген «әуімнің» алдына «мешіт қызметкері Құрман Макиавели былай дейді:...» деген қосылыпты нақ! Қызық — дым ызаланбадым! Бұдан кейін мен көңілжықпастықпен: Гульельмо Паолоның атынан қазақ қалаларындағы необарокколық стильдерге пікір білдірдім; палестиндік Мәлік Сайфардың атынан жөйіттерді жамандадым; контр-адмирал Ямамотоның атынан Окинавадағы әскери базаны мақтадым; жойылып бара жатқан турруру тайпасының көсемі ретінде бяқбық атты аспапта ойнап, ұлтымыздың жойылып бара жатқанына қам жеп, тура тікелей эфирде таусылып жльадЪм. Астапырбудда, бір тыңдарман да «Сіз қазақшаны қайдан білесіз?» деп те сұрамады-ау…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту