Көрінбей кеттің сен неге?
VKM көрінбей кетті! Пікір де жазбайды, жекеде де жауап жоқ.
Жалпы, ол кісіні көргендер бар ма? Әлде, құдайы көрші болған менен бастап, барлығымыз арманда кетеміз бе? Шын сөзім, виртуалда ғана әңгімелескен адамнан мұндай позитивті әсер аламын деп ойламаппын. Титтей нәрсені көріп (оқып) балаша қуанатын адамдар сирек. Кір іздеу міндет емес.
Жұмысқа жаяу барамын. Қашық емес, жиырма-ақ минутта жетуге болады. Дөңгелек алаңның үстіндегі көпірмен жүрем. Мына қызды бәріңіз білетін шығарсыз.
Бұл қызбен, Астанаға келген күннен дос болдым. Өткен сайын сәлемдесіп кететінмін. «Сәлем! Қал қалай?» Қазір, «Сәлем ВКМ! Қал қалай?!» дейтін болдым. Бірақ, бәрібір жауап жоқ!
Енді, «Не дейсің бізге аптыр» деген ой келіп отырған шығар бәріңе. Не дейін… Мүмкін ВКМ керекшілердің келесі кездесуіне келетін шығар. ))) (Анреал емес шығар әйтеуір)
Пы.Сы. Менің келіншегім қызғанбайды!)))
