Ескі архив · 20.01.2012 12:06

Мой брат Азаматтт..( І-бөлім)

… Менің ағам бар. Аты Азамат. ХХІ ғасыр қожанасыры… Осыдан 10-шақты жыл бұрын ауылда қолдағы малды қойшы ауылға өткізіп, шопанның көмекшісі жоқ болып, көмектесуге кеткен. 1,5-2 айдан соң келді. Сұраймын ғой: қалай болды, ішің пыспады ма?,-деп. Ол болса: -Жоқ, азанымен қойды шығарам өріске, біраз жерге алып барып, өзім қыр басына отырп аламын да көзімді жұмып жіберем. Өзім бірден атақты әншіге, қолымдағы таяғым домбыраға, қойларым көрерменге айналады,-дейді,-бар даусыммен даланы жаңғыртып өлең айтып біткен көзімді ашсам қойлар шапалақтап жатқандай көрінеді, иіліп қошемет көрсетем «халқыма». Күннің қалай өткенін білмей қаласың,-дейді.
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту