Орташа есеппен түрік сериалы
Түрік сериалдарында не болады? Орташа есеппен қарап көрейік:
— Махаббат болады. Екі түрлі қарама қарсы полюстегі әлеуметтік топтардың махаббаты.
— Көзге шөп салу.
— Екі ғашықтың арасына түсетін біреу болады.
— Оқиға үлкен, зәулім үйде болады.
— Үйдегі қызметшілер ас бөлмесінде өсек айтады.
— Үй өте үлкен болса да маңызды нәрселерді адамдар тығылып сөйлеспей, қатты сөйлеседі. Нәтижесінде оны біреу естіп қояды.
— Бір жаман әйел, кемпір, қыз болады.
— Қыз зорлау болады.
— Екі отбасы арасында кем дегенде 2 адам бір-біріне ғашық болады.
— Есірткі, қару, мафия істеріне араласады.
— Аурухана коридорларындағы көріністер, дәрігерден хабар күту.
— Кішкентай бала ұрланады.
— Біреудің бірнеше жыл көрмеген әкесі, шешесі т.б пайда болады.
— Оқ тиген адам өлмейді.
— Ғашықтардың бірі ғашығын басқа біреумен көреді, оқиғаны қате түсініп қалады.
— Әйел үйінен кетіп қалады. Қайтып келеді.
— Адамдар бай болса да кедей болса да таксимен жүреді.
