Ескі архив · 22.01.2012 20:56

Almaty events

Құрметті Алматылық керекшілер! Осы жақын күндерде қаламызда болатын қызықты ивэнттермен таныс болыңыздар. Қызық деп тапсаңыздар, міндетті түрде барып немесе виртуал қатысып көңіл көтеріңіз. 1. «Адаптация» тобы жаңа бағдарламасымен Chechil Pub-та. Бұл Ақтөбелік топ 1992 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін 11 альбом шығарыпты. Олардың Алматылықтардың алдында ән айтатындығы туралы афиша интернетте біраздан бері активно жарияланып жүр. Бүгін ғана satibaldi мырзаның мына хабарламасы да жарияланды. 2. Тысяча улыбок. Арт-галерея «Белый рояль». 20.01-01.02.2012 Балалардың күлкісіне не жетсін! Олардың тәп-тәтті сыңғырлаған күлкісі кез келген адамды ауыр ойлардан, негативтен бір сәт болсын құтқарып, тамаша көңіл-күй сылайды. «Тысяча улыбок» көрмесінде сіз тап осындай күлкіге, қуанышқа толы суреттер мен коллаждарды тамашалауыңызға болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме аяқталған соң шығарма авторлары өз жұмыстарын балалар үйлеріне үйлестіруді жоспарлауда. Арт-галереяның ресми сайтында бұл көрме туралы ақпарат жоқ екен. Тек мынаны таптым. 3. Miss KZ — 2012 Сайтымыздың сүйікті аруларына құлаққағыс. Еліміздің интернет кеңістігіндегі қыздарға арналған осы интернет конкурсына қатысып, өз бағыңызды сынап көріңіз. Қатысу шарттары өте оңай. Ең бастысы конкурстың талабына сай суреттеріңізді ұйымдастырушыларға электронды поштамен жіберсеңіз болғаны, келуіңіз міндетті емес. Және ең қызығы — сіз күйеуге шықпаған болуыңыз шарт Толығырақ мәліметті конкурс сайтынан оқыңыз. Сәттілік! 4. IV Қайырымдылық балға қатысуға кастинг жарияланды Жыл сайын Алматыда өтетін бұл кеш 2007 жылдан бері «Жыл жобасы» деген атаққа ие болып келеді. Әдемі вальс, классикалық музыка, опера әншілері, шоу жұлдыздары… Осының барлығы Еventica компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бада болады. Егер сіз осы баллда дебютант немесе волонтер ретінде қатысқыңыз келсе, 4-5 ақпанда өтетін кастингтерден кеш қалмаңыз. Толық ақпарат Eventica сайтында. 5. KZ-COMIX. КИМЭП. 29.01.2012 Отандық комиксмейкерлердің шағармашылағымен таныссыз ба? Мен тіпті ондай адамдардың бар екендігін білмеппін де ))). KZ-COMIX альманахының үшінші жобасының презентациясы 29 қаңтарда өтетін болды. Презентациямен қатар бірқатар суретшілердің көрмесі бе болады. Ұйымдастырушылар — KHAN COMICS. 6. ДиДюЛя Алматыда. Студенттер сарайы. 14.02.2012 Бұл жаңалық fusion жанрындағы музыканы тыңдағанды ұнататын меломандарға жағымды болады деп ойлаймын. ДиДюЛя — гитарист, композитор, аранжировщик, саунд-продюсер, дыбыс режиссері және өз туындыларын орындаушы профессинал музыкант. Концертке билеттерді Меломан дүкендерінен, Балуан Шолақ немесе Студенттер сарайы кассаларынан және zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады. Сонымен қатар концерт Қазақстанның бірнеше қалаларында өтеді. Билеттер бағасы 5 000-15 000 теңге. Толық ақпарат. 7. Жаңа кофейня. «Шоколадница» Осы қыста ашылған бұл кофейня Алматыдағы сүйкімді кафелердің қатарын толтырды. «Шоколадница» — Ресей, Украина, Армения және Қазақстан елдеріне кең таралған кофейнялар желісі. Өзім бірнеше рет бардым. Суық күндері ыстық шәй, лате ішіп, тәттілер жеп қайтуға арналған сондай кУЧТ жер. Сүйіктіңізбен не болмаса достарыңызбен барып, цивильно әңгіме-дүкен құрып дегендей… Бағасы да сондай қымбат емес. Орташа есеп адам басына 2000-2500 теңге. Адрес: Төле би көш., (Қонаев қиылысы) 50\54. Жұмыс істеу уақыты: 8:00- 24:00, ал бейсембі, жұма, сенбі күндері — 8:00-1:00. Қонақтардың пікірлерін мына жерден оқуға болады. P.S. Қыстың қақаған мына аязында суықтап қалмаңыздар, денсаулықтарыңызға көбірек күтім жасауды ұмытпаңыздар. Тамақты уақытысында ішіңіз, сұйықтықты көбірек қабылдаңыз, әсіресе, лимон немесе малина тосабы қосылған ыстық шәй
Авторы:
madlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту