Ескі архив · 23.01.2012 03:00

Қазнеттің тарихында күміс әріппен жазылатын бұқатірестер хитпарады

«Вагонные споры последнее дело, когда больше нечего пить» © «Машина Времени» Мына шошқа өмірдің, мына-мына ит тірліктің аз да болса мәні бар екендігіне күмәнданған шақта, оқитын пайдалы, нанға жағып, лавашқа орап, шампурға тізіп жейтін, суға 50/50 араластырып ішетін, косякқа толтырып шегетін заттардың бәрі таусылғанда… ...«Тап әкеңңңң деп аяқ астынан болмашы себеппен виртуал төбелес ұйымдастырып жіберудің еш сөлекеті болмаған. Әттең, Kamila мен Satibaldi -ның, 777- мен Цеван Рабтанның бес беляшқа белгілі болған көпкүндік шайқасы Лета өзеніне ағып кетті… Жо-жоқ, тойыс ия-ия: Бұл жолы әңгіме арнайы ұйымдастырылған, бәйгеге бірлік тігілген шешеңдік ережесіз дебаттар емес, табиғи жағдайда өрбіген текетірес пен бұқасүзістер сөз болмақ. Тіпті сөйлем, абзац болмақ. Бірақ тікелей сілтемесі дәлелді дереккөз ретінде дұрысырақ деп шештім. Дәлірегі, Қазнетте, Керекинфода бірлі-жарым әлсін-әлсін оқ атылып, аяғы аузжаласпен біткені емес, өзіңіз „үздік“ деп таныған бір зымыранмен шалқасынан түсірген конфликттер, көрпе-асты-қатын-шымшыстардан басталып, аяғы өзара балағатпен біткен жекпе-жектер мен бірнеше адам қатысқан қыранжаппай соғыстар, жеке бастан дым қалмаған „пікірталастар“ көрсеңдер, осында сілтемесін сала отырсаңыздар деймін. Оған қоса, етегіңді ашып, бетіңді басып күлмеске шара қалдырмайтын ең көңіл көтеретіндерін де назарға алсаңыз деген дәме бар. Ең басты шарт, сілтеме қойғанда, қарапайым шындықты анықтауға арналған пікір-алмасулар емес, міндетті түрде жеке басқа өту фактісі болуы керек. Сондай-ақ, неге сол пікірталас үздік деп ойлайтындығыңызды негіздейтін бір ауыз, екі құлақ сөз жазып кетсеңіз тіпті жақсы. Уа, ағайын, әжем қазақ „Абылайдың асына кешігіп қалсаң, прозаға кет!“ дегендей, болашақ ұрпаққа классикалық боқжағыстар мұрағатынан дәм-тұз қалдыруға аттыкін салысайық!
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту