Блиц-сұхбат: Esmeralda
1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың?
Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.
2. суреттеріңді көрдім түсірген(кейбірі жақсы шыққан), қандай фотик ұстап жүрсің?
Фотоға түсіргенді жақсы көрем, фотигім қарапайым Canon 14megapixel, түсірген суреттерім көп, соның ішінде балконнан жоғарыны, төменді түсірген және терезенің алдында суыққа тоңып отырған көгершіндердің (олар күн сайын ұшып келеді) суреттері өзіме қатты ұнайды.
3. Кітапты көп оқисың ба? қандай кітаптар ұнайды?
Көп оқитын сияқтымын)) Өзімнің үйдегі жеке кітапханамдағы ең алғашқы маған сыйланған кітаптар тым ыстық, олар: Барбиге арналған кітаптар (3), «Большая книга знаний», қазақ ертегілері мен В.Кард, К.Чуковскийдің ертегілері. Кітапханамдағы кітаптардың көбісі — шетел әдебиеті, оқушы кезімнен бастап оқыдым, кейде қайталап оқып тұрамын. Қазақ жазушыларынан Б.Соқпақбаев пен Н.Ораздың әңгімелері ұнайды. Қазір сабағымның қиындығы және инетте көп отырғасын онша көп оқымайтын боппын, көп уақытым өзім оқып жатқан тілге байланысты күнде сөздіктен бірнеше сөз жаттауға кетеді. (Және тағы бір секрет: каникул бір айға созылды ғой, тамақ істеуді үйреніп жүрмін, күніне кейбірін инеттен қарап неше түрлі пирог, торт пісіріп қоям, кешке үйдегілер сүйсініп жейді, маманың «елдің қыздары...» деп басталатын сөзінен құтылып жатырмын ) Ал поэзияға онша қызықпаймын десем, кейбіреуіңіз өкпелеп қаласыздар ма ))
4. Басыңнан кешкен өте қызықты оқиғаны айтып бере аласың ба?
Ең қызық оқиға есімде жоқ. Көп қызықты жайлар болды, олар сол болған кезінде ғана қызықты сияқты, қазір айтсам, бәрібір сіздерді қызықтырмас еді)) Соған қарағанда өте «серьезныймын» ғой дим))
Қазір корей музыкаларын тыңдап жүрмін, мына клиптегі махаббат туралы ән
