КеРРРЕмет бағдарлама ))))))
Кеше Муз Тв арнасынан бір бағдарламаны көрдім.атауы «БезУМно красивые»… 3 жұп шығады екен, тек жігіттер, оларға қарама-қарсы тағы да 3 жұп уже қыздар отырады. Бір-бірін көрмейді, жүргізуші жігіттерге сұрақ қояды екен, сол сұраққа қыздар дұрыс жауап береді ме жоқ па деп ақшаға бәс тігеді екен. Жігіттердің өздері әлгі сұрақтарға жауап бере алмайды, міндетті де емес, бастысы қыздардың ақыл-ойларын тексеру… менің алғашқы тыңдаған сұрағым: Чапаевтың ұшағын ақтар атып түсіріп, содан қайтыс болды деген рас па дейді… жігіттер шынымен де ол солай өлді деп есептейміз деді, сорақысы әлгі қыздардың да сұрақты біраз талқылап, ақыры Чапаев авиакатастрофадан өлді деген жауап айтқаны… Мен күлкіден диваннан құлап қалдым… Одан әрі қарай одан да сорақысы болды… Егер ішіңіз пысып, біраз күлгіңіз келсе аққұлақтардың интеллектуалды ойынын тамашалаңыздар. Ольга Шелест жүргізеді...
