Мемлекеттік қызметкер қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті
Астанада өткен Жастар форумының аясында өткен семинарлардың бірінде мемлекеттік салада бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген маман Адиль Джалгасов қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырларын үйретті.
"Қазақ мектебін бітірдім. Қазақы отбасыдан шықтым. Әрине бастапқыда қиын болды. Ең алдымен Ң, Ә сияқты маңызды дыбыстардан құтылу керек. Одан кейін буындарға салынатын екпіндердің орындарын ауыстыруды меңгеру керек. Адам аттарын міндетті түрде орысша транслитпен айту керек және бастықтарды отчестволарымен айтып дағдылану керек. Мысалы: Кудайбергенович, Каджимуратовна, Толепбергенович сияқты ұзын отчестволарды жиі айту арқылы тіл жаттықтырамыз. Моймирге үйір болмай орыстілді контингент жиналатын Вконтакте, Одноклассники сайттарынан профиль ашқан дұрыс. Қазақша туыс атауларының соңына да «шка» қосып, жалпы кейде сөз жетпей қалған кезде қазақша қосып жіберуге де болады. Тост берілген кезде де «Саламатсыз ба» деп бастап, сосын «Можно я на русском» деп жалғастыруың керек.
Қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қандай пайдалы бар? Біріншіден, әлеуметтік статусыңызға әсері бар. Екіншіден, карьералық өсуіңізге де әсері бар. Үшіншіден, қазақ тіліндегі құжаттармен бас ауыртпай жұмысыңыз жеңілдейді. Мысалы «Адиль, ты же на казахском хорошо разговариваешь. Проверь пожалуйста это письмо» деп саған ешкім келіп, мазаламайтын болады.", — дейді жетекші маман Адиль Джалгасов мырза.
