Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов
Жақында бір жас мүсінші жігітпен таныстым. Аты Айдос, өзі Арқалықтан екен. Мүсін өнерінің қызық бір жанрымен айналысады екен. Гиперреализм деген жанр. Гиперреалистердің шығармалары бір қарағанда балауыздан жасалған мүсіндерге ұқсайды. Бірақ, бір ерекшелігі балауыз емес силиконнан жасалады және барлық кішкентай детальдарға мән беріледі.
Айдостың шығармашылығымен сіздер де таныс болыңыздар:
Абылайханның 300 жылдығына.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап Елбасы мүсіні:
Мынау КТК арнасының Айдос туралы сюжеті:
Ал, мынау Айдос өзі дайындаған видео. Мүсіндердің қалай жасалатынын көре аласыздар:
Айдостың айтуынша әлемде гиперреализммен айналысушылар саны өте аз. Ал, Қазақстанда өзінен басқа ешкім жоқ. Осы жанрды дамытқысы келеді, қолдау күтеді. Мұндай мүсіндер балауыз сияқты емес ұзақ сақталады және кино өнерінде көп қолданылады дейді. Киношылар да назар аударса екен дейді жас мүсінші.
Киноға арналған мүсіндердің суреттерін мына жерден қарасаңыз болады.
Айдоспен хабарласамын десеңіз:
Телефон: +7 702 409 99 98
Email: aydos8627@mail.ru
