БЛИЦ-СҰХБАТ: E_ZHALGAS
1.Сіздің жазғандарыңыз күрделі, түсіну қиын, бұл көп оқығаныңыздан ба? Әлде сізде вундеркиндтің белгілері бар ма?))
Бұны сының деп қабылдайын. Негізі, жазу көңіл күйге бағынады. Өзгені білмеймін, өзімде сондай. Көңіл күйім еден жағалап, құлазығанда шегіп кете алмаймын. Өкпемді тым аяймын. Сыралату да қызықсыз, — ол көңілге бағынбайды. Жер қазып, астын паналап кеткім-ақ кетеді кейде, бірақ оған қарағанда, іш пыстырмайтын жол тапқандай болғанмын. Қысқасы, көп оқымағанмын да, күрделі жазбаймын да. Ал, біреулерге түсініксіз болып бара жатса, ол менің бас ауыртатын мәселем емес деп есептеймін. Иа-иа, білемін, менікі дұрыс емес, бірақ барым сол.
Енді екінші сұрағыңа көшсек. Вундеркинд белгілеріне адамның келбетіндегі, не денесіндегі қал, мең, не өзге де әдеттегіден тыс физикалық белгілерді жатқызуға болса, онда – иа! Негізі, он жасымда «Ақжелкен» журналында «Мен ерекше баламын ба?» деген сипаттағы вундеркиндке тиесілі әңгіме айтып кермеппін. Соған қарағанда, вундеркинд емеспін, шамасы.
2.Байлыққа қызығасыз ба?
Сұрақ компромат үшін жиналғандай екен. Қазір жауап берсем, «Айттым ғой» деп атып шығатын сияқтысың бір қуыстан. Сондықтан, жауап берер алдын айналамды барлап қайтайын. Вооот… Өтірік айта алмаймын. Әрине, қызығамын. Бірақ, байлыққа қызығу – байлыққа ұмтылуды білдірмесе керек. Табиғатқа қарсы шығу қиын, негізі. Дегенмен, байлықтың да түр-түрі болуы мүмкін. Егер өзіңнің организміңе қажетті сыраны аптасына бір-екі рет қандырып отыруға байлығың жетпесе, нағыз мүсәпір сонда болғаның. Әйтсе де байлықтан бірдеңе үшін баз кешесің бе деген сұраққа «ЖОҚ» деп жауап беремін.
3.Классикалық музыканы жақсы көресіз бе, арнайы муз. біліміңіз бар ма?
Классикалық музыканы жақсы көремін, арнайы музыкалық білімім жоқ. Классикалық музыканы тыңдау үшін арнайы төрт жыл оқып келу керек деген ұстаныммен де келісе алмаймын. Бұл сөйлеуді үйрену үшін мектепке барыптының кері ғой.
4.Кітап оқудан басқа не қызықтырады?
Кітапты оқудан басқа, басқа кітапты оқу қызықтырады. Бұл сұрақтың қойылуын, мені алдын ала кітапсүйгіштер қатарына қосып қоюың деп қабылдадым. Так, сенің көңіліңді қалдыруға онша асығыс болмасам да, осылай етпеуге амал жоқ болып тұр. Мен кітапсүйерлер қатарынан безіп кеткенім қашан. Қазіргі «әріпті кезексіз әрі мағынасына бармай жұту» процесі дымға қажеті жоқ флудтарды оқуға ғана кетеді екен, бағамдап отырсам.
5.Ал, тыңдауға ән, нақтырағы – клип, міне:
