Ескі архив · 25.01.2012 14:45

Эфтаназия "Иә" мен "Жоқ"...

Мен өз басым 70-80ге келгенше өмір сүргім келмейді. Сары тісті, ақ шашты ана болу кез-келгеннің арманы екені рас, мені де кейде «здоровый» ойлар мазалайды, бірақ қалтырап дірілдеп, етті талмап жеп, балаларыма масыл болғым келмейді (балаларым олай ойламайды деп үміттенетіп, тірі жүрсем). 60тан сәл асқаннан кейін, бақилық болуды бұйыртса деймін Құдай… Бірақ, бұны өзіне қалдарармын. Менің тек «жаман» ойым ғой. Жәйдан жәй өле салғым да келмейді, ең болмаса «тым жас кетті» деп жыласа екен жұрт(жылайтындар табылса әрине)Ойым дұрыс емес екенін білемін, сөгетіндер де қазір табыла кетеді. Менің айтпағым бұл емес еді негізі. Өмірге келгеннен кейін, кетерде ізім ғайым жоқ болып кеткеннен гөрі, бір іс жасап кету керек сияқты. Артына көөөп балаларын, білім-ғылымын, ат басындай алтынын, дәулетін тастап кететіндер бар, бірақ, әзірге мен олардың қатарында емеспін. Мен қолымнан келгенше адамдарға көмектесуге тырысқым келеді. Жәй бақилық болып кете салмай, ең болмаса бүйрегім мен жүрегім біреуге бұйырса деймін. Менің емес өзгенің өмірін ұзартуға себеп болып жатса, менің арманым орындалар еді. Қазақстанда 2000нан аса адам өз донорларын күтіп, сарғайып отырған жайлары бар екен. Шетелдегідей жүйе ендірілсе екен деймін, адам бақытсыз жағдайға ұшырап, миы жұмыс істемей, өзге мүшелері қалыпты жағдайда қалса, аппараттың ғана көмегімен өмір сүріп, «көкөніс» болып жатқаннан, біреудің өмірін шынымен де құтқаратын жағдай туғанда, қолындағы анықтамасы арқылы оның «ерікті донор» екенін біліп, дәрігерлер еш туысынан рұхсат сұрамай, өзгенің өміріне жаңа дем бере алатын болса… Өз басынан өтпегеннен кейін көкіп отыр дейтін шығарсыздар, бірақ басқа қырынан қарап көріңіздерші, мүмкін донорға кезекке өзіңіз немесе туысыңыз тұрсаңыз қалай болады? Мен қатыгезбін, дегенмен де мен өз басым осындай анықтаманы ойланбастан алып алар едім. Сіздер ше? Эфтаназияны қолдар ма едіңіздер?
Авторы:
salta

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту