Ескі архив · 25.01.2012 13:19

Махаббаттың сіздің өміріңізде алатын орны.

Мен үшін махаббаттың алатын орны – ерекше. Осы ұлы сезім болмаса, жігіт пен қыз бір-біріне ғашық болып, ынтық болмас еді. Қаншама ақындар мен жазушылар осы сезімнің арқасында ғашықтарына өлең арнап, романдар жазған. Мүмкін кейбірі сол сезім болмаса, ақын, жазушы атанбас та еді. Тек олар ғана емес қолдарынана шеберлігі тамған суретшілер де, мүсіншілер де, кез келген өнер иелері. Театрдағы қойылымдар мен кинорежиссерлердің де көбі – махаббат тақырыбында. Адам болып жаратылған соң, осы өте нәзік сезімді жүрекпен ұғынып, бастан кешірудің өзі – Мен үшін үлкен бақыт!!! Махаббат мен үшін — мәңгі ертегі…
Авторы:
Zhanarhamit

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту