Ескі архив · 26.01.2012 18:44

Гүл егу науқаны басталды!!!

@Armanjan-ның құлағына алтын сырға. Осыдан екі апта бұрын алынған гүл тұқымдарын он шақты күн бұрын отырғызудың реті келді. Суреттерге қарап, өздеріңіз де жұмыс барысын көре жатарсыздар. Сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын. Бальзамин, аспарагус, глоксиния, пассифлора, гардения гүлдерінің қорабы: Ең бірінші осындай стакандарға отырғызамыз, түбін бірнеше жерде тесіп алуды ұмытпаңыз. Қайшы-керек дүние: Топырақ аларда құрамын анықтап алыңыз. Менің таңдағаным — «ТерраВита» әмбебап грунты Аспарагустың қара бұршаққа ұқсас тұқымдары суда 3 тәулік тұрды, арнайы нұсқаулықта солай жасау керек екен. Стакандарымызды нөмірлеп, атын жазу керек: Процесс аяқталды: танысып қойыңдар Сіздерге де сәттілік!
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту