Ескі архив · 26.01.2012 05:36

Гүлге бүйрегі бұрмайтындар үшін

Әңгіме бөлме гүлдері жайында болмақ. Арамызда гүлге деген «сезімі» оянбай жүрген жандар болса, сол тізімнен жақында ғана босап шыққан біреудің төмендегі кеңесіне құлақ көз салыңыз. Иә, мен сондаймын. Жасыратыны жоқ, ауылдағы үйімде бірде-бір гүлдің жапырағы болмады. Есесіне, дала гүлдеріне бай болдым. Бәлкім, осы себеп болғанда шығар, бөлме гүлдерімен байланысқа шыға алмай, алыстан сыйласатынымыз. Қалаға келгелі флорада өмір сүрудемін. Үйдегілер есіктен шығарда екі тапсырма айтса, соның бірі – гүлге су құю болатын. Қайдағы, сол кезде-ақ су болып, бір құлағымнан кіріп, екіншісінен шығып кететін. Содан кейін «айып алаңында» бір-екі сағат уақытыңды жоғалтасың. Егер жазылғандардан сәйкестік болып жатса, жағдайыңызды ойлап, төмендегі гүлдерді рекомендеймін. 1. Vermont өнімі – ол минимум 5 жылға дейін өмір сүретін (Қазақстанда 4-8 жыл дейді, асыра мақтаған түрлері ме?) стабилизированный өсімдік. Бұл гүлдердің өзгелерден айырмашылығы: аса күтімді қажет етпейді (су құймайсыз, топырақ ауыстырмайсыз, күн көзіне шығармасаңыз да болады), үйіңіздің қай бөлмесіне қоямын десеңіз де еріктісіз (тіпті, ваннаға да), сонан соң әрине жаңа жұлынған гүлдей, өзіне тән иісімен елітіп тұруы әрі таптырмас сыйлық(+интерьер). Және үлкен «плюс» – жолға алып жүруге өте ыңғайлы, әсіресе пәтерден пәтерге көшкенде қиындық туғызбайтын болады. Төмендегі менің таңдауым, яғни алғашқы махаббатым Сапа сөз болған жерде, бағаны да айта кеткен жөн шығар. Қымбаттау, есесіне, сіз жыл сайын гүлге ақша шашпайсыз (5 жылда бір шашылыңыз) Қыздар, үйлену тойына арналған букеттері де бар! КерекИнфо: егер толығырақ танысам десеңіз, мына үлкен үйге барып, әр бөлмесін қарап шығуға рұқсат. Оған қоса, басқа да қалаларда пәтерлері бар (Твиттер, Вконтакте, Фэйсбук) Реалда қауышқыңыз келсе, Астана қаласы, Тұран,24 «Сарыарқа»СО, 1-қабат және Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 59/2, ТРЦ «City Mall». 2. Драцена Сандера ( үй бамбугі). Бұл гүл таңсық емес болар. Бірақ, мені қуантатыны — топырақ салып, өсінді шықса келесі ыдысқа ауыстырып әуреге салмауы. Бар қорегі – «бір жұтым су». Бірақ, басқа да көмектерге зәру болмасына кепіл бере алмаймын. «Сары ауру»-ға ұшырағандарын көргем, сол себепті дер кезінде емдеп отырыңыздар! Бәз біреулердің сөзіне сенсек, бақыт әкелетін, өзіндік қасиеті бар гүл. 3. Егер «жоқ, менің гүлдерге аллергиям бар не өсіре алмаймын» десеңіз, онда үйіңіздің интерьеріне өз үлесін қоса алатын жасанды гүлдерге жүгініңіз. Бұларды кездестіру тым қиынға соғады деп ойламаймын, кез келген сауда үйінен табу мүмкіндігіңіз жоғары. P.S. Өз тәжірибеммен бөлісіп отырмын, қажет болса керегіңізге жаратарсыз. Жеңгетайлық жасап жатсам, ренжімеңіздер, жақсы ниетпен ғана Сүгіреттерді бәрі ұйқыға кеткенде, әркімнен ұрлап алдым.
Авторы:
araika

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту