Ей, маңғаздар, ұсынысым бар!
Маңғаз деген не? деп отырсыз ба? Маңғаз деген ИшАК-тың тілінде тұлға деген мағынаны беретін сөз. Сөз құрып қалғандай, солай жазыпты.
Сайттың админі әрі маңғаз Аршат Оразов айтқан қазақтілді Интернеттің жеке сыйлығын ұйымдастыруға қатысты бірнеше ұсынысым бар еді. Олар:
1) Сыйлықтың/бәйгенің ұсақ-түйегіне дейін сипаттамасы жасалса (ережесі, мерзімі, сыйлық түрі);
2) Әсіре оптимизм мен фантастикадан алшақ болса (былтырғы «Бәйге» сияқты быт-шыт болып кетпеуі үшін);
3) Аз сөйлеп/жазып, арық шықса (былтырғы «Бәйге» сияқты ауылдың иттеріне дейін шулатып кетпеу үшін);
4) Демеушілері болса: демеушілердің көмегі арқылы көңілге қонымды, ынталандыра алатындай сыйлық беруге болады;
5) Дауысты бір топ адам (сарапшы мамандар) берсе екен. Өйткені сайтымызға дауыс беріңіз деушелер баланың ойынын ойнап кетеді (у-шуы көп);
6) Ұры-қарылар мен авторлық құқықтың не екенін білмейтін маңғазсымақтардың сайттарын байқауға қатыстырмау (босқа уақыт пен сарапшылардың жүйкесі шығын болады);
7) Сыйлыққа/бәйгеге байланысты ресми сайт немесе блог болса;
8) Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұру жағы да ойластырылса.
Басқа да ұсыныстарыңыз болса, жаза отырыңыздар.
