Ескі архив · 27.01.2012 10:00

Gmail-дағы файлды түсіріп ала алмасаңыз

Gmail поштасындағы келген файлды ала алмау көптеген қолданушылардың мазалап жүрген мәселе. Бұл тақырыпты бұрын да жаздық. Мүмкін сол жазғанымыз түсініксіз шығар деп барынша оңайлатылған тәсілін ұсынып көрмекшімін. Алдымен мына файлды түсіріп алып, архивтің ішіндегіні сыртқа шығарамыз. Архивтен шыққан hosts файлын C:\WINDOWS\system32\drivers\etc папкасына саламыз. Ескі hosts файлын өшіріп, орнына жаңасын қоя қоямыз. Бар болғаны осы.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту