Ескі архив · 27.01.2012 17:41

Хахаха!!Хехехе!Хихихи!

*** Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті. — Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем. — О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой. *** Жұмыстан мас болып оралған күйеуіне әйелі айғайлай бастайды. Күйеуі: — Маша, сен айтатыныңның бәрін қағазға жаза салшы, мен оны таңертең тұрғанда оқып аламын. *** Қыз жігіттен: — Менің туылған күніме қандай сыйлық жасайсың? — Үлпілдеген бетіңнен сүйемін. — Ал, мен рұқсат бермесем ше? — Онда жүре бер сыйлықсыз… *** Екі еркектің әңгімесі: — Сен көшеден әдемі келіншек көрсең, ең бірінші қай жағыңа қарайсың? — Жақын маңда әйелім жоқ па екен деп жан-жағыма қараймын. *** Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр. – Оңбаған, ит, қасиетсіз… Кетемін бұл үйден. Билетке ақша бер. Шешеме барамын… Күйеуі ақша ұсынады. — Оңбаған, ал қайтар жолға ше?.. *** Қызы үйіне телефон шалып: — Әке, мен күйеуге шықтым, — дейді. — Ештеңе білмеймін, кешке үйде болатын бол. ]- Алло, апа? — Бұл қайсың, ей? — Мен ғой, немерең Нұрдәулет! — Қайда жүрсің, ей? — Алматыда оқып жүрмін ғой, 4 жыл болды. — Бәсе, үйде көрінбейсің. *** — Талғат, давай, менің қызыма звондайық. — Давай. — Алло, саламатсыз ба? Әлия бар ма? — Әлия шығып кетті. — Қайда шығып кетті? Шақырып жібересіз бе? — Күйеуге шығып кетті, күйеуге.">
Авторы:
zh-dinara

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту