Ескі архив · 30.01.2012 11:09

Ақтөбе қаласындағы бір тойда рекордтық көрсеткіш

АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚызАқпарат /Жамал Меңдібаева/ — Ақтөбедегі бір тойда рекордтық көрсеткіш жаңартылды. Басталуы 18:00 деп белгіленген той 21:00-де басталып, таңғы 05:17-де аяқталды. Бұл тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтан басқа олардың әке-шешелерінің, тіпті қалыңдықтың жездесінің де биографиясы тыңдалды. Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді. 11 жиен, 6 іні-қарындас өлең айтып, би биледі. Ұлттық "Қаражорға" биі 4 рет биленді, сондай-ақ той қонақтары 5 өзбек, 4 үнді билерін тамашалады. «Ең қысқа тост» грамотасын небәрі 4 минут сөз сөйлеген күйеу жігіттің әріптесі Серікбол алды. Бүгін күйеу жігіттің үйінде 14:00-де «келін шәй» басталып, одан кейін 1 апта жалғасатын «Тойдың видеосын қараудың» премьерасы басталмақшы.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту