Қазіргі жігіттер қандай болуы керек?
Жалпы қазіргі таңда нағыз жігіт жоқ, жігіт дегендер азып, сонау Баукеңдермен бірге келмеске кетті деп пессимистік ойға беріліп жүргендер көбейіп кетті (әсіресе нәзік жандылар тарапынан). Ал енді біреулер саусақпен санарлық жігіттер бар екенін айтып көңілді орнына түсірсе, бағзы біреулер «Ой, ондай жігіттер, мыннан, пішен, тек қыздар көре алмайды» деп желпіндіріп қояды. Шындығында қалай өзі, нағыз марқасқалар ортамыз да ма, әлде… Өз басым талай қыздармен тайталасып көрдім, ешбіреуін жеңе алмадым. Дәлелдедім деп мен қалдым, шалалау деп ол кетті. Ол қызбен айтысымыз түрлі түрлі турларға бөлінді. 1.Жігіттің мінез-құлығы, 2. жүріс-тұрысы (өзін ұстауы); 3. Киім киісі, т.б.
Алғашқы екеуінен сүрінбей өтсем де, соңғысында біраз тірестік, соңы жоғарыдағыдай болды. Әйтседе ойланып қалдым, басқа-басқа киім киісте тығырыққа тірелетіндей не болды?
Өйткені қарсылысымның айтқаны жігіттер локомотив, қыздар вагон, егер жігіттер киім киісімен қыздардың көңілінен шықса, қыздар далаға кетпейді. Өзінің ауы салбырап жүріп, болмаса жабыстырып киініп, балағы шолтаңдап жүрген жігіт қызға кіндігіңді жап деуге моралдық қақысы бар ма деп бет бақтырмады.
Сіздер не ойлайсыздар? Жігіттің қандай киім кигені дұрыс деген пікірдесіздер? Әлде, екі қойым бір тиын ба? Бірақ «керектіктерде» алдыңғы аға-апалардан үлгі алғысы келетіндер көп сияқты.
