Ескі архив · 02.02.2012 14:05

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Екінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші постта. Естеріңе сала кетейін, әңгіме мафияға қызмет еткен қанішерлер жайында. Мистер Синг – тапсырыспен кісі өлтіруші және "қызмет аясы кең" маман. Мафияға қызмет еткен, олардың тапсыруымен бәсекелестердің, полицейлердің және шенеуніктердің көзін құртып отырған. Құрбандарын Азияда қолданылатын улау тәсілдерін пайдаланып өлтіреді. Келесі тұлғаға назар аударыңдар. Суретте: Чикаго гангстерлерінің банда басшысы. Аты — Смит (Сүйек қол) және оның көмекшісі Джонс. Жезөкшелер ұяларын «крышавать» еткен, азартты ойындармен, есірткімен, инкассаторларды тонаумен және оңай олжа үшін бай американдықтарды өлтірумен айналысқан. Қылмыстық іс-құжатта былай деп суреттеліпті: Адам бойында үрей туғыза алатын қасиеттері бар, өте қауіпті адамдар. Ойланбастан өлтіре алады. Төмендегі суретте: Ортадағы адам — "Қанды Флетчер" деген лақап аты бар танымал главарь. Оның гангстерлер бандасы тапсырыспен талай адамды құрбан еткен. Сонымен қатар, құн талап ету мақсатымен адамдар ұрлаған. Банданың қанішерлігі сонша, бала-шағаны ұрлағанда да еш аяушылық білдірмейді екен. Жоғары лауазымды шенеуніктер мен үлкен полицейлерді кепілдікке ұстап, ақша талап еткен. Қылмыстық істе былай делінген: Камераға жалғыздан отырғызылсын, еш уақытта өзгелермен бірге қамалмасын. Өте қауіпті және қатігез адамдар, көршісімен келіспей қалса ойланбастан өлтіре салады. Төмендегі қысқа балақты еркек — Чикаго мафиясының бухгалтері. Түрмеге түскен соң полицияның қыспағымен бірқатар құпияларды ашқан. Бірақ дәл ертеңіне камерасында дарға асылған күйінде табылады. Камералас көршісі осылай жазалаған. Кеудесінде мынадай сөздер тырналып жазылыпты: «Мен бәрін айтып бердім де мәңгіге үнсіздікке кеттім». Келесі постта қанішер жезөкшелер мен аса ауыр қылмыстарға барған әйелдер туралы жазамын.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту