Ескі архив · 02.02.2012 08:03

Қазақша газет-журналдар неге дамымайды?

Қазақша қағаз БАҚ-та Қазақ Интернеті неге дамымайды? деген жауыр тақырып бар. Бұл қақырықты тақырыпты анау-мынау газеттер жаза алмайды, көзі ашық журналистері бар газеттер жазады. Өзіңіз ойлаңыз, Интернеттен мақала ұрлап, газетінде жариялап жатқан ұсақ-түйек газеттер үшін Қазақ Интернетінен асқан дамыған Интернет бар ма? Енді Қазақ Интернетінде жүргендер Көптеген* қазақша газет-журналдар неге дамымайды? деген сауалға жауап беріп көрсе. Мен былай жауап беремін: • Концепциясы жоқ; • Газет немесе журналды коммерциялық жоба ретінде ұйымдастырмайды. Жай ғана айлық алып, шайлығын айырып отыруға жараса, сол да жеткілікті. Шығын шықпай кіріс жоқ депті атам қазақ; • Көп редакция біліксіз адамдарды жұмысқа қабылдайды. Солай ақша үнемдеуге тырысады; • Соры құрып қалған басылым болса да таралымын 2-3 есеге дейін көбейтіп жазады. Солай жарнама тартамыз деп дәмеленеді. Жарнама берушілер ақымақ емес; • Жарнамалау, пиарлау жұмыстары атымен жоқ. Жазылу жүріп жатыр дегеннен басқа не білгендері барын білмедім; • Әлемдік озық технологиялардан мақұрым; • Контенттік жағынан, дизайнерлік жағынан, полиграфиялық жағынан алғанда, газет-журналдар сапасыз болып келеді. * қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдардың барлығына бірдей қатысты емес. Осы жазғандарға толықтай (қадай газет-журалдың қандай мәселесі бар) мысал келтіруіме болады. Бірақ ұзақ әңгіме болып кетеді.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту