Ескі архив · 03.02.2012 13:09

Марк та мәңгүрт екен...

Кеше қаззақтардың «Ар-намыс, көтеріңкі көкірек» қоғамдық қозғалысының тапсырысымен жасалған зерттеуімді аяқтадым. Тапсырма бойынша өткен жылы Facebook желісіне тіркеліп, оның қожайыны Марк Цукербергтің ар-ожданын, намысын, іскерлік репутациясын қаралайтын, балағаттайтын, аяққа таптайтын жазбаларды қазақ тілінде орнатып жүрдім. Жұмыс аясында барлығы 571 жазба жазыппын, оның барлығы дерлік Марк Цукербергтің өзін, шешесін, әкесін, отанын, достарын ғайбаттауға арналған. Нәтиже мәз емес. Жазбалар өшірілмек түгілі, маған бан да қойылған жоқ. Тіпті барыңнан жоғы Маркке. Мысалы, тап соны швед тілінде жазсам, екі күнге жетпей жойылатыным белгілі. Бұл әлеуметтік желілердің қожайындары әлі де қазақ тілін меңгермегенін, кең даланың күмбірлеген домбырасының үнін Луизиананың даңғырлаған джазына алмастырған намыссыздар екенін көрсетіп отыр. Айтпақшы осы жәйтке өзім ғана қынжылдым: қоғамдық қор иесі есепхатымды алып, ақымды берді де, «осы жылға да тақырып ойластырып жүрш ия ма, ақпанның аяғында грант аламыз» дейд. Шешесс…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту