Ескі архив · 04.02.2012 12:05

Кім болды автор сонымен?

Кім болды автор сонымен? деп сұрап жатыр жұрт. Вопшым, былай ғой. Бәйгеге оннан астам шығарма келіп түсті, біреуі ерте, біреуі кеш. Ең алдымен келген «Ботбай» болды. Қазылар алқасына үш адамды тағайындап едім, ұйымдастырушы құқығымен. Екеуі пікір білдірді, үшінші қазымыз жұмысбасты ма, ұмытып кетті, әйтеуір. ИтаҚ, бірінші жюридің, Асаубота есімді админнің таңдауы. 1. Әтеш махаббат Қазіргі кезді бұрынғы кезбен керемет интеграциялаған. Әдебилік жағынан да жақсы жазылған. 2. Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі Жеткізілу формасы өте тамаша. Әдеби көркемдігі де. Қарапайым мысалды жақсы жеткізген. 3. Виртуалдағы реал Басқа новеллалардан тәуірі осы. Бұл жерде оқиға басқаша әйтеуір басқаларына қарағанда. Екінші жюри, Теріскей жігіттің бағалары. 1. «Әтеш махаббат» — 10 ұпай «Көпәріп» синдромына шалдықса да, селт еткізе алған шығарма. Өзіндік қолтаңбасы бар, ой жеткізу мен стилистика, орфографиялық сауаттылығы жоғары дейгейде деп айта аламын. 2. «Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі» — 9 ұпай. Оқырманға көңіл-күй сыйлаған «новелла» деймін. Сюжет пен композиция құрылымы өзгерек екен. Барлық талапқа сай 3. «Виртуалдағы реал» — 8 ұпай. Ұнады, барлық талапқа сай, дегенмен… Дегенмен, бір нәрсе жетіспейді. Қалғандары төмендегіше: «Ботбай» — 7 ұпай. Оқиғаішілік байланыстар жақсы өрбіген, тек көпсөзділік басым. Айтар ойын анық жеткізе білген. Негізінен новелла шарты баяндау емес, ой жинақы өріліп, шарт түйінделуі қажет еді, соңғысы орын алғанымен, алдыңғысы ескерілмепті. «Желідегі жалғандық» — 5 ұпай. Сендіре алмады. Жаттанды ой, жалған композиция. «О, шшш… сен бе едің?!» — 5 ұпай. Оқиға желісін шұғыл өзгертіп, ойламаған тұстан «вуа-ля» жасағысы келген ой сәтсіз шыққан. Қызықсыз. Дегенмен, еңбек бар. «Желідегі туысқан» — 6 ұпай. Тақырып атауы сәтсіз, «тізесі шыққан» тақырып дер едім, дегенмен, автор жалықтырмады. Айтар ойын жеткізе алды, новеллалық принциптің жүгін арқалай алды. «Әкімат көйлек» — 3 ұпай «Новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! © Түк жоқ, түк! «Бақытты күндер» — 3 ұпай. Кезекті ««новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! ©» «Собеседник вас попытался разбудить» — 3 ұпай Эхх… Авторлар жағына келетін болсақ… «Собеседник вас попытался разбудить». Авторы: Әбіләкім. Бақытты күндер. Авторы: Бальзаминка. Әкімат көйлек. <kobaiganov@rambler.ru> деген адрестен келді, автордың есімі мен үшін де жұмбақ. Желідегі туысқан. Авторы: Айжантабын. О, шшш… сен бе едің? Авторы: Ая. Желідегі жалғандық. Авторы: Айкона. Ботбай. Авторы: Патик. Осы жерде айта кететін бір жайт. «Желідегі туысқан» атты шығарманың обалына мен қалдым. Автор туындысын тақырыбын қоймай жіберіпті, мен де қайбір жетіскен креативщик дейсің, ойыма алғаш келгенді қоя салдым. Сол үшін, «Желідегі туысқан» новелласына менің атымнан ынталандыру сыйлығы бар. Ал енді жеңімпаздар тізіміне келер болсақ. Әлгі екеуі қайда болса, мен сонда, менің де таңдауым алдыңғы үш шығармаға түскен болатын. Сонымен, бір ауыздан бірінші орын — бас жүлде, Алматыдағы пәтердің кілті "Әтеш махаббат" новелласының авторы (тек ешқайсысың «не догалывался» демеңдерші) Сатыбалды мырзаға бұйырды. Екінші орын және Астанадағы пәтердің кілті «Ердақын Ырсаечтің агенті мен әйелі» туындысының авторы (тағы да таппадық демеңдер) Қисық баланың қанжығасында кетті. Үшінші орын және менің пәтерімнің кілті «Виртуалдағы реал» новелласының авторы НұрберГений_Мақымның еншісіне бұйырды. Сыйлықтарыңызды блог құрылтайда табыстаймын, амандықпен жолығуға Алла жазса.)))) Солай да солай. Вопшым, берместің асы піспес деп, біраз созылып кеткен шаруаға кешірім сұраймын. ЗЫ. Пайдаланушы никтерін қойып жатуға еріндім. Сөге жамандамассыңдар.
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту